01.09.2023 жылы ашылды. Жалпы білім беру орта мектеп 1500 орынға арналған, типтік. Жалпы алаңы - 3,6 га. Орта мектеп ғимаратының жалпы алаңы - м/кв. Жарықтандырылуы - 100%.
Қабаттылығы: 3, тоғыз блоктан тұрады. Оның ішінде 3 оқу блогы, екі спорт зал /бір үлкен, бір кіші/, 320 орындық мәжіліс залы (спортзалмен біріккен), 260 орындық асхана, кітап қоры бар кітапхана бар. Сынып бөлмелері - ... . АӘД кабинеті - 1. Модификацияланған оқу кабинеттері - 5. Технология кабинеті - 4 (Ағаш өңдеуге арналған оқу шеберханаларының саны - 1, Маталарды өңдеуге арналған шеберхана саны - 1, Аспаздық бойынша оқу кабинеті - 1, Тігін машиналарымен жабдықталған кабинет - 1). Инклюзияға арналған кабинет, психолог кабинеті, мультимедиялық кітапхана, футбол алаңы, баскетбол алаңы, волейбол алаңы, жеңіл атлетика алаңы, оқушыларға арналған ойын алаңдары бар.
