Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"№55 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
"№55 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«XXІ ғасырдағы Ұлттық құндылықтар моделі» аудандық мектеп оқушылары слетының мәліметі

Іле ауданы, Междуреченск а/о, Шабыт ы/а «№ 55 орта мектеп» МКМ-де 2024 жылдың 5 қараша күні ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында аудандық «XXІ ғасырдағы Ұлттық құндылықтар моделі» 5-7 сынып оқушыларына арналған слет өтті. Слеттің мақсаты: Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы (1-тарау. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы) аясында Қазақстанда орта және қосымша білім беретін мекемелердегі оқушыларға ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие берудің жаңа жүйесін құру арқылы жас ұрпақтың заманауи қызығушылықтары мен ұмтылыстарын қалыптастыру.

Слетқа Ә. Молдағұлова атындағы №6 орта мектеп, №8 орта мектеп, №10 орта мектеп, №17 орта мектеп, Т. Қатаев атындағы №22 орта мектеп, №24 мектеп-лицей, №29 орта мектеп, №36 орта мектеп, №50 орта мектеп, №55 орта мектептің 5-7 сынып оқушыларынан 10 команда қатысты. Слет 7 турдан тұрды:

  1. Таныстырылым
  2. Сөзжұмбақ
  3. XXІ ғасырдағы ұлттық құндылықтар моделі
  4. Ұлттық өнер
  5. Қазақ мақал-мәтелдері
  6. Үздік анимация сценарийі
  7. Алтын сақа

Барлық турлардың уақыт регламентін сақтай отырып, оқушылар бір-бірлерімен сайысты.

Нәтижесінде І орын - №55 орта мектептің «Шаңырақ» тобы, ІІ орын - №10 орта мектептің «Мұрагер» командасы, ІІІ орын - №24 лицейдің «Мұрагерлер» командасы, ІІІ орын - №8 орта мектептің «Ақберен» командасы, ІІІ орын - №50 орта мектептің «Бойтұмар» командасы, ІІІ орын - №22 орта мектептің «Шырақ» командасы жеңіп алды. Алғыс хатпен №36 орта мектептің «Ақ сұңқар» командасы, №6 орта мектептің «Бірлік» командасы, №29 орта мектептің «Ғибрат» командалары марапатталды. «XXІ ғасырдағы Ұлттық құндылықтар моделі» облыстық кезеңі бойынша №55 орта мектептің «Шаңырақ» командасы өтті.

Өткізілген іс-шараның мәліметі мектептің әлеуметтік парақшасына жүктелді.