«№55 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бойынша 2023-2024 оқу жылында жасөспірімдер арасында жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мақсатында атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат
«Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 04.01.2023 жылғы №7-бн/қ бұйрығына сәйкес, жасөспірімдер арасында жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мақсатында 29.08.2024 жылғы №404 мектепшілік бұйрық шығарылды. Жасөспірімдер арасында жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мақсатында атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітілді. Әлеуметтік педагог А. Раисбаева мен сынып жетекшілер тарапынан өгей әкеше-шешемен тұратын оқушыларды бақылауға алынды.
Зорлық-зомбылықтың, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мақсатында «Ерте жүктіліктің алдын алу жолдары» тақырыбында 5-10 сынып оқушы қыздары арасында Междуреченск ауылдық амбулаториясының терапевт дәрігері мен акушер-гинекологымен кездесу ұйымдастырылды.
Мектеп медбикесі В. Ажмаханова «Қыз баланың жеке гигиенасы» тақырыбында 5-9 сынып қыздарымен әңгіме жүргізді. Мектеп психологы Д. Искакова «Әдемі күл, терең ойлан, сыпайы жүр» тақырыбында 9 сынып қыздарымен тренинг өткізді. Тренингке 9 сынып оқушы қыздары қатысты. Қыздармен жоспарлы түрде жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу және эстетикалық тәрбие беру мақсатында жиналыстар өткізіліп тұрады. Шабыт ауылында зорлық-зомбылық немесе жыныстық тиіспеушілік жағдайларына тап болған оқушы жоқ.