Қараша айында басталған «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында Мектеп Парламенті Дебат фракциясымен «Парасат» дебат клубы бірлесе отырып, «БП буллингтің алдын алудың механизмдерін ұсынады» қарарымен дебаттық сайыс өткізілді. Дебат оқушылардың зиялылықтарын дамыту, сөз саптауын түзеу, берілген тақырыпта сыни көзқараспен қарай алу, сондай-ақ тақырыпты ашып көрсету және резолюцияның оң-теріс тұстарын анықтау мақсатында өткізілді. Дебатта мектептегі оқушылар арасында орын алатын буллингтің салдары мен оның алдын алу бойынша бірнеше механизмдер ұсынылды.