Іле ауданы, Междуреченск а/о, Шабыт ы/а «№ 55 орта мектеп» МКМ-де 2024 жылдың 25 қазан күнінен 01 қараша күндері аралығында күзгі каникулға шықты. Күзгі каникул шараларының жоспары бекітілді. «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 1-10 сыныптарға «Каникулда мен оқыған кітап» онлайн айдары жүргізілді. Айдар мектептің тик ток парақшаларында жүргізіліп, 6 оқушы қатысты. 1-4 сынып оқушылар арасында «Кітаптар әлемінде» сурет байқауы өткізіліп, І орынды 2 «Ә» сынып оқушысы Айса Алдияр алды. Байқауға 7 жұмыс қатысты. 9-10 сынып оқушыларына «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында «Қазақстан университеттеріне виртуалды саяхат» сағаты өткізілді. ҚазҰУ, СДУ, ҚазҰПУ универитеттер сайтында саяхат жасады. 30 қазан күні 8-сыныптар арасында аймақтық «Айқанат» олимпиадасы өткізіліп, мектептегі барлық 8-сынып оқушылары қатысты. 31 қазан күні жоспарланған «Ұлттық құндылықтар моделі» оқушылар слеті 5 қараша күніне ауысты. 01 -02 қараша күндері мектеп оқушылар мен ауыл тұрғындарының арасында «Волейбол, «Футбол» спорт түрлерінен спорттық сайыс өткізіліп, мектеп оқушылары ІІІ орынға ие болды. Мәдени-танымдық жерлерге саяхат жасалған жоқ.