Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"№55 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
"№55 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2024 - 2025 оқу жылының

І тоқсанда құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған

іс-шаралар есебі

2024 - 2025 оқу жылына құрылған тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес ағымдағы жылы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.

9 қыркүйек күні «Сен және сенің құқығың» баяндама ашылып, білім алушылар жоспармен таныстырылды. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.

Мектеп кітапханасында кітапханашы Н. Нуршаева «Құқық - әділет пен парасат жолы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

Мектеп әкімшілігі мен ер мұғалімдерінен құралған тәртіп сақшылары кезекті рейд жұмысын жүргізді. Жүргізілген рейд құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушыларымыздың түнгі мезгілде жалғыз жүрмеуі, бөгде адамдармен қарым-қатынаста болмауы, беймезгіл уақытта жүрмеуі қатаң бақыланып, жасөспірімдердің ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2024 жылдың 24 қазан күні мектеп инспекторы Т. Бейдинчанов «Кешкі мезгілде көшеде жүрмеу» және «Мектептегі тәртіп» атты тақырыптарында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

2024 жылдың 21 қазан күні мектеп инспекторы Т. Бейдинчанов қатысуымен 5 - 9 сынып ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында қазіргі таңда жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың түрлері, жасөспірімдер қылмыстық іске, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жеке басына іс қозғалғаны айтылып, оларды құқық бұзушылықтан аулақ ұстаулары ескертілді. Сонымен қатар, кешкі мезгілде көшеде жүрмеу керектігі де атап өтілді.

Мектебімізде жеткіншек жастарға, ата-аналарға, мұғалімдерге көмек көрсету қызметтері ұйымдастырылған «Сенім телефоны» мен «Сенім поштасы» арнайы хабарландыру ілініп, білім алушыларға ескертілді. «Сенім телефоны» мен «Сенім поштасы» арқылы түскен хаттар мен көмек сұраған адамдар тіркелмеді. Балалар арасында құқықбұзушылықтың, есірткі заттарын пайдаланудың, балалар еңбегін қанаудың, зорлаудың, бопсалаудың алдын алу мақсатында мектеп психологы О. Темірбекова оқушыларға психологиялық қолдау көрсетті.

Оқушылардың өмір қауіпсіздігі, жолда жүру ережесі, кешкі мезгілде көшеде жүрмеуі 1 - 10 сыныптар арасында үнемі профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. Сынып жетекшілер ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде.

Атқарылған жұмыстар туралы тиісті ақпарат «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерінде жарияланды.