1 қыркүйек-Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені» атты өткізілген іс-шара
Іле ауданы, Междуреченск а/о, Шабыт ы/а «№ 55 орта мектеп» МКМ-де 1 қыркүйек - Білім күніне арналған «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиын өткізілді. Осы іс-шараға байланысты мектепішілік бұйрық шығарылып, жұмыс жоспары құрылды. Мерекелік іс-шараға қамқоршылық кеңес мүшесі Б. Сарсенова, ардагер ұстаз Б. Нұрсейіт және ауылдық округ әкімдігі аппаратының маманы Л. Бейсенова қатысты. Салтанатты іс-шара аяқталған соң 1-сыныптарға «Мектебім - мейірім мекені» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты аясында білімге деген ұмтылыс, оқушыларға отансүйгіштік қасиетін сіңдіру, еңбекқорлықты дамыту, сондай-ақ жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, достық қарым-қатынас пен жауапкершіліктің маңыздылығы түсіндіріліп, түрлі тапсырмалар орындалды. Өткізілген іс-шара мектептің әлеуметтік желісінде жарияланды.
